Жезқазғанда браконьерлер қолынан қаза тапқан қорықшыны жерледі

0
367
Браконьерлер қолынан қаза тапқан қорықшы Қаныш Нұртазиновты жерлеу рәсімі. Жезқазған, 26 шілде, 2019 жыл. Сурет: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

26 шілдеде Қарағанды облысында браконьерлер қолынан қаза тапқан “Охотзоопром” мемлекеттік кәсіпорнының инспекторы Қаныш Нұртазиновты ақтық сапарға шығарып салды.

​Жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды. Олардың арасында қорықшының туған-туысы мен жерлестері, әріптестері болды. Жезқазған қаласында жаназасы оқылғаннан кейін сүйегін Ұлытау ауданындағы Қоскөл ауылына жерлеуге алып кетті. Қорықшының артында әйелі мен төрт баласы қалды.

Қорықшымен қоштасуға билік өкілдері – экология министрі Мағзұм Мырзағалиев, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, жергілікті әкімдік өкілдері келді. Қошановтың сөзінше, бұл іске қатысты тергеуді ішкі істер министрі өз бақылауына алған.

Қорықшы Қаныш Нұртазинов 43 жаста болған. Ол бұл салаға туған ауылында бірнеше жыл учаскелік полицей болып қызмет еткеннен кейін келген. Қаныш Нұртазиновқа бірінші дәрежелі “Айбын” ордені берілді. Бүгін марапатты оның отбасына табыс етті.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз