Журналист Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден озды

0
615
Нұртілеу Иманғалиұлы. Photo: tengrinews.kz

17 ақпан таңертең 69 жасқа қараған шағында телевизияда 45 жыл қызмет атқарған журналист Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті. Бұл туралы Qazaqstan ұлттық телеарнасы хабарлады. 

“Қазақстан” телерадиокорпорациясының ұжымы Нұртілеу Иманғалиұлының жақындары мен туған-туыстарына қайығырып көңіл айтады. Бүгін Ұлттық арна эфирінен естелік хабарлар мен арнайы жобалар беріледі”, – делінген хабарда.

Нұртілеу Иманғалиұлы “Құрдастар”, “Жастар дауысы”, “Арай”, “Жадыңда ма, жолдас”, “Айна”, “Жас жігер”, “Бетпе-бет”, “Қолтаңба”, “Діңгек”, “Көршілер”, “Заң сөйлесін”, Nur-Tiley авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды.

Нұртілеу Иманғалиұлы 2006-2007 жылдары – “Қазақстан “республикалық телерадиокорпорациясы” акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы, одан кейінгі жылдары “Қазақстан РТРК” АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Нұртілеу Иманғалиұлы 1952 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Діңгек ауылында дүниеге келген. Үйдегі 14 баланың кенжесі. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, “Алтын Жұлдыз” сыйлығының иегері, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кұрметті профессоры, Ақсу ауданының “Құрметті Азаматы”.

Телевизияда тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, “Хабар” агенттігінде модератор-жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент әкімшілігінде бас маман болып істеген.

“Қазақстан” РТРК” АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарған.

Қазақньюс ақпарат агенттігінің ұжымы Нұртілеу Иманғалиұлының жақындары мен туған-туыстарына қайығыра көңіл айтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз