Журналистерді аккредиттеу бойынша Абаев не деді?

0
146
дереккөзден

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев журналистерді аккредиттеу бойынша ережеге түзетулер енгізу ортақ келісім жүзінде ғана жүзеге асу керек деп мәлімдеді.

Абаев “Вице-министр Нұргүл Мәуберлиноваға жобаны талқылау жұмыстарын ұйымдастыруды, журналистердің ұсыныстары мен ескертулерін жинақтауды ұсынамын. Бұл ережелер ортақ келісім негізінде, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің пікірін есепке ала отырып қабылдануы керек”, – деп мәлімдеді 20 ақпан Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ақпарат және коммуникация министрлігінің қорытынды есеп беруі барысында БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап қайырып.

Бұған дейін министрлік сайтында журналистерді аккредиттеу бойынша ережеге түзетулер енгізу жобасы жарияланды. Жобаға сәйкес аккредиттеуші органның ішкі тәртібі мен модератордың регламентін (уақыт өлшемін-ред) бұзған жағдайда БАҚ өкілін аккредитациядан айыруға рұқсат ету туралы сұралады.

Сенатор Дариға Назарбаева жоспарланып отырған өзгерістер турасында пікір білдіріп, елде БАҚ саласының қатты ретке келтірілгенін алға тартты.

Назарбаеваның пікірінше бұл ақыр соңында тек мамандықтың ғана емес, дәстүрлі БАҚ-тың да жойылуына әкеп соғады. “Бүгінде телевизиялық БАҚ, басылымдар күнін зорға көруде. Бәрінен басым пайда Ғаламтордың еншісінде”, – деген Назарбаева “ғаламтор желісінде ешкімнің аузына қақпай бола алмайсың”, – деді. Сенатор кәсіби журналистика өзінің нақты теңдесі жоқ заң жобасын жасақтап шығу қажеттігін атап өтті.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз