CІМ: Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың даму барысын мұқият қадағалап отыр

0
107
Қазақстан сыртқы істер министрлігі. Photo: Telegram / MFA Qazaqstan

19 тамызда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда болып жатқан жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

СІМ Ауғанстан тарихында тағы бір шешуші сәт келе жатқанын және көпжылдық жанжалды ауған халқы өзі шешуі керек екенін хабарлады. Қазақстан барлық тараптарды ішкі тұрақтандырудың басты алғышарты ретінде биліктің бейбіт транзитін қамтамасыз етуге шақырады.

“Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің инклюзивті және өкілдік үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдердің құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу, халықаралық құқықты сақтау туралы мәлімдемесін қолдаймыз. Осы ережелерді орындау Ауғанстанның жаңа билігімен диалогты бастау үшін қажетті шарт болуы тиіс”,- делінген хабарламада.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз