Жетісайлық тұрғыннан 300-ге жуық сіріңке қорабына салынған есірткі тәркіленді

0
199

Түркістан облысында ер адамнан 840 түп және 300-ге жуық сіріңке қорабына салынған есірткі тәркіленді. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.

Полицейлерге Жетісай ауданында жергілікті тұрғынның бірі өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егіп-өсірумен айналысады деген хабарлама түседі.

Ақпарат алысымен полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстары нәтижесінде үйінің ауласының артқы жағында есірткі тектес сора өсімдігін өсірген жергілікті тұрғын ұсталды. Тәртіп сақшылары күдіктінің ауласынан айғақты зат ретінде 840 түп өсіп тұрған есірткі затына ұқсас жасыл түсті өсімдікті тәркіледі. Сонымен қатар тұрғынның учаскесінен кептіріп жайып қойған тағы да 289 дана сіріңке қорабына салынған есірткі затына ұқсас жасыл түсті есірткі затының жапырақтары алынды.

Жетісай аудандық полиция бөлімінде аталған жайт бойынша қылмыстық кодекстің 300-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған ірі мөлшердегі өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) тіркеліп, тексеру әрекеттері басталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында айғақты зат ретінде алынған есірткіге сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген түптердің “сора”, ал сіріңке қорабындағы есірткі затының, “кептірілген марихуана” екені расталды.

Ал күдікті ер адам қамауға алынды. Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз