“Орталық Азия – Үндістан” онлайн саммиті өтті

0
229
"Орталық Азия – Үндістан" онлайн саммиті. Photo: akorda.kz

27 қаңтарда Үндістан премьер-Министрі Нарендра Модидің ұйымдастыруымен “Орталық Азия – Үндістан” онлайн саммиті өтті.

Жиынға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан басқа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Онлайн саммитке қатысып отырған Қазақстан тарабы.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл жиын өзара тиімді ынтымақтастықтың қолайлы мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, ең алдымен, сауда-саттықты жандандыруға кең жол ашады. Атап айтқанда, Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 2020 жылы 3 миллиард долларға жеткен. Осы ретте Қазақстанның үлесі 80 пайыз.

“Қазіргі көрсеткіштер біздің экономикалық әлеуетіміздің жиынтығына әлі де сай келмейді. Менің ойымша, “Орталық Азия елдері – Үндістан” саммиті сияқты диалог алаңдары елдеріміздің қарқынды дамуына, сондай-ақ жаңа сын-тегеуріндер мен тәуекел-қатерлерге лайықты төтеп беруге септігін тигізеді. Осыған байланысты табысты пікір алмасудың бірегей форматы мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты сапалы әрі жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететіне сенімдімін”, – деді Тоқаев.

Онлайн саммиттің қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары “Орталық Азия – Үндістан” атты алғашқы саммиттің Декларациясын қабылдады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз