Қырғызстан СІМ Түркия елшісіне Орхан Инанды оқиғасы бойынша нота табыстады

0
286
Қырғызстандағы Халықаралық "Сапат" білім беру мекемелерінің президенті, Қырғызстан азаматы Орхан Инанды. Photo: akipress.org

6 шілде күні Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың бұйрығымен Түркияның Қырғызстандағы елшісі Ахмет Доған сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Akipress агенттігі хабарлады. 

Елшімен министрдің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев кездескен. Ахмет Доғанға Түркияның Қырғызстан азаматы Орхан Инанданы ұстау және Түркияға жеткізу операциясын жүргізуіне байланысты нота берілді.

СІМ хабарлауынша, қырғыз тарапы халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен нормаларын өрескел бұзатын мұндай әрекеттерге жол берілмейтіндігін атап өткен.

“Қырғыз тарапы Түркиядан Орхан Инандыны Қырғызстанға  қайтаруға және оған тиісті түрде қарап, халықаралық құқық нормаларына сәйкес зорлық-зомбылық пен ар-намысты қорлайтын іс-әрекет қолдануға жол бермеу мақсатында барлық қажетті шараны қабылдауға шақырды”, – делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Өз кезегінде елші Ахмет Доған Орхан Инанданың Түркия азаматы екенін және тек Түркия азаматы ретінде танылғанын айтқан. Сонымен қатар түрік тарабы Қырғызстан аумағында операция өткізілетінін мәлімдемегенін жеткізген.

Қырғызстан СІМ Орхан Инандыны қайтару және Конституция мен Халықаралық құқық нормаларына сәйкес оның Қырғызстан азаматы ретіндегі құқығы мен заңды мүддесін қорғау үшін барлық қажетті шараны қолдануға уәде берді.

Елдің ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жағдайға байланысты әлі мәлімдеме жасаған жоқ.

Қырғызстандағы “Сапат” білім беру мекемелерінің президенті Орхан Инанды 1 маусымға қараған түні із-түссіз жоғалып кетті. 5 шілде кешке Түркия президенті Ердоған Түркияның арнайы қызметі Инандыны Түркияға жеткізгенін мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз