“Қазақгейт” ісі туралы не білеміз?

0
194

Қазақстан оппозициясы Қазақгейт деп атап кеткен бұл іс 2003 жылы басталып, 2010 жылы бітті. АҚШ прокуратурасы Джеймс Гиффен деген азаматын Қазақстан басшылығында отырғандарға мұнай компаниялары атынан 78 миллион доллар пара берді деп айыптады. 

Гиффен бұрынғы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мұнай жөніндегі кеңесші болған. Өзінің айтуынша, АҚШ бұл істі Назарбаев елдің мемлекеттік хатшысы Майк Олбрайтты азарлағаны үшін қозғағанын айтады.

Бұл жанжал АҚШ пен Қазақстанның қарым-қатынасын біраз шайқалтқан еді. 2004 жылы АҚШ прокуратурасы бұл іске Нұрсұлтан Назарбаев пен экс-премьер-минстрі Нұрлан Балғымбаевтың қатысы бар деді. Бірақ оларға ешқандай айып тақпады.

 2007 жылы екі жақ келісімге келгендей болды. Қазақстан үкіметі швейцар банктерінде бірнеше шоты барын мойындап, ондағы ақшаны балалар біліміне жұмсаймыз деп уәде берді. Соның аясында елде «Бота» қайырым қоры пайда болды. Ал АҚШ жауап ретінде істі тоқтатты. Сөйтіп, 2010 жылы АҚШ соты Гиффенді ақтап алды. Қазір саясаттанушылар Қазақстан үкіметінің шетел банктерінде шоты барын мойындауы — Гиффеннен пара алғанының дәлелі дейді.

 Жалпы, бұдан бұрын да Қазақстан мен шетелдік мұнай компанияларының қатысы бар жемқорлық жанжалдары болған. Мысалы, Олег Червин «Қазақстанның қара қаны» кітабында 1995 жылы «Лукойл» компаниясы Назарбаевқа ұшақ бергені, 1999 жылы Бельгия мен Швейцарияның құқық қорғау органдары «Трактебель» компаниясы Қазақстанның аты аталмаған жетекшілеріне 50 миллион доллар бергенін анықтағанын жазған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз