Apple жақында жаңа техникасын таныстырады

0
163
Apple компаниясының бас директоры Тим Кук.

Америкалық Apple компаниясы iPad-тың жаңа моделі және басқа да жаңалықтар ұсынылуы мүмкін іс-шара өткізеді.  Бұл туралы компанияның ресми сайтында жарияланды.

Таныстырылым 20 сәуір күні Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-ге жоспарланған.

Презентация кезінде Apple бірқатар жаңа өнімдерін ұсынатыны айтылады. Осындай жаңалықтардың бірі жаңа iPad Pro. Осыған дейін жаңа iPad Pro туралы БАҚ өкілдері сәуір айының ортасында ұсынуы керек деп хабарлаған.

Сондай-ақ, Apple алдағы апталарда пайдаланушыларына сыртқы компаниялардың олардың сұраныстары туралы ақпарат жинауы туралы ескертетін жаңартуды ұсынатынын растады.

1976 жылы негізі қаланған Apple дербес және планшет компьютерлер (iMac, MacBook), аудио ойнатқыштар (iPod), телефондар (iPhone), “ақылды” сағаттар (iWatch) және бағдарламалық қамтамасыз ету (iOS) өндірісімен айналысады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз