Қазақстанда биыл жеңіс күнінде әскери шеру өтпейді

0
261
photo: 24.kz

Қазақстанда екінші жыл қатарынан жеңіс күніне арналған әскери шеру өтпейді. Бұл туралы елдің қорғаныс министрлігі хабарлады.

“Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2021 жылы Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған әскери шеруді өткізу жоспарланбаған. Бұл ретте гарнизондарда санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.” – делінген министрлік хабарламасында.

Әскери шеру 2020 жылы да коронавирус пандемиясына байланысты өткізілмеді. Дегенмен, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен әскери шеруге қатысты.

Еске сала кетейік, Қазақстан эпидемиологиялық жағдайға байланысты “қызыл” аймақта орналасқан. Бұдан бөлек 8 өңір “қызыл” аймақта, 6 өңір “сары” аймақта, ал “жасыл” аймақта 3 өңір орналасқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз