Нұр-Сұлтанда сегізінші веломаусым басталады

0
180

15 сәуірде астанада “Astana Bike” автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі іске қосылады. Сәуір айының соңына дейін пайдаланушыларға 850 велосипед пен 154 велостанция қолжетімді болады. Бұл туралы “City Transportation Systems” баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл велосипед жалдау жүйесі өткен жылмен салыстырғанда бір айға ерте басталады.

Велостанциялардың орналасқан жерін www.velobike.kz сайтынан көруге болады. Іске қосылған станциялар көк түспен белгіленеді.

www.velobike.kz сайтында жүйеде онлайн-тіркелу рәсімінен кейін велошейринг қызметін пайдалануға болады. 16 жастан бастап қолдануға рұқсат. Велопрокат абонементтері www.velobike.kz сайтында және “City Transportation Systems” кассаларында қолжетімді. Велосипедтерді жалға беру жүйесі 24/7 режимінде жұмыс істейді.

“Автокөлік пен қоғамдық көлікке балама ретінде қала тұрғындарына экологиялық таза көліктің осы түрін таңдауға болады. Айта кетейік, велосипедтер мен абонементтерді сатып алу 15 сәуірден сағат 9:00-ден бастап қолжетімді”, – деді “City Transportation Systems” ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Тарифтер өзгеріссіз:

Стандартты абонементтер:

  •  айлық абонемент – 2 500 теңге;
  •  тоқсандық абонемент – 6 000 теңге;
  •  маусымдық абонемент – 10 000 теңге.

Жеңілдігі бар абонементтер:

  •  тоқсандық абонемент – 3 000 теңге;
  •  маусымдық абонемент – 5 000 теңге.

50% жеңілдік, оны растайтын құжаттарды ұсынылған жағдайда беріледі және тек тоқсандық және маусымдық абонементтерге қолданылады.

Жеңілдік иелері:

  • студенттер;
  • зейнеткерлер;
  • ерекше қажеттіліктері бар адамдар (3-топ);
  • ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға;
  • Ауған соғысы ардагерлері;
  • көп балалы аналар;
  • көп балалы отбасылар;
  • ерекше қажеттіліктері бар балалар, оның ішінде ата-аналардың (заңды өкілдердің) біреуіне;
  • барлық топтағы мүгедектер.

Стандартты немесе жеңілдікті абонементтерден басқа пайдаланушының шотында 500 теңге болуы тиіс. Егер ақша таусылса, велосипед экранында “қате” шығады.

30 минутқа дейін велосипедті шектеусіз пайдалануға болады, бастысы – стандартты абонемент сатып алу.

30 минуттан артық жол жүру құны жалға алу уақытына қарай төлем бөлігін есепке ала отырып есептеледі:

  •  0-ден 30 минутқа дейін – абонемент құнына қосылған;
  •  31-ден 60-қа дейін – 100 теңге;
  •  61-ден 120-ға дейін – 250 теңге;
  •  121-ден 180-ге дейін – 500 теңге;
  •  181-ден бастап және әр келесі сағатқа – 1 000 теңге.

Тәулік абонементтері:

  •  1 тәулік абонементі – 3 500 теңге;
  •  3 тәулік абонементі – 9 000 теңге;
  •  7 тәулік абонементі – 17 500 теңге.

Тәулік абонементтері астана қонақтары мен шетелдік туристерге арналады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз