Биыл 5G байланысы кейбір облыс орталығында пайда болады

0
51
photo: ortcom.kz

2023 жылы цифрлық даму министрлігі республикалық маңызы бар қалаларда және кейбір облыс орталықтарында 5G ұялы байланысының жаңа буынын енгізеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

«2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қала мен Астананы қамту 75%-ды, ал облыс орталықтарын қамту 60% -ды құрайды.

Бұл өз кезегінде жалпы экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді, сондай – ақ елге жаңа инвестициялар мен технологиялық әзірлемелер әкеледі», – деп атап өтті Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.

Жылдам ақпарат алмасу және үлкен көлемдегі деректерді беру қауіпсіз байланыс пен мониторинг жүйелерін құруға мүмкіндік береді, бұл, әсіресе, маңызды инфрақұрылымды басқару және ұлттық қауіпсіздік үшін маңызды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз