Елордада «Astana Bike» велосипед жалдау жүйесі іске қосылды

0
99

Елордада 25 сәуірден бастап «Astana Bike» автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Велосипедтер мен абонементтерді сатып алу таңғы сағат 9:00-ден бастап қолжетімді болды.

Велосипедтер мен велостансаларды қосу қала бойынша кезең кезеңімен жүреді:
25 сәуірде: 600 велосипед пен 76 велостанса,
26 сәуірде: 100 велосипед+ 20 велостанстанса;
27 сәуірде: 100 велосипед + 22 велостанса;
28 сәуірде: 100 велосипед+ 22 велостанса;
29 сәуірде: + 14 велостанса.

Сәуір айының соңына дейін барлығы 154 велостанса мен 900 велосипедті іске қосу жоспарланған.

Абонементтерді сатып алу, веложалдау бойынша барлық ақпаратты www.velobike.kz сайтынан алуға болады.

Велосипедтерді пайдалану 24/7 қолжетімді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз