iPhone XS және iPhone XS Max отандық нарықта

0
110

2018 жылдың көптен күткен смартфондары отандық нарықта сатылымға шықты. iPhone XS немесе iPhone XS Max ұялы телефондарын “Мечта” электрондық дүкендер желісінен сатып алуға болады.

Қазақстандағы Apple компаниясының yәкілетті серіктесі бола отырып “Мечта” электронды дүкендер желісі қазақстандық брендтің жанкүйерлерін iPhone XS және iPhone XS Max-қа иелік етуге мүмкіндік береді.

Жаңа іPhone XS және iPhone XS Max модельдері машина үйретуді оқыта отырып сапалы суреттер жасауға сонымен қоса, заманауи техниканы пайдалануда көптеген мүмкіндіктер ашады. Бұл бүгінге дейін Купертин компаниясының зертханасында құрылған ең қуатты және “ақылды” iPhone процессоры.

iPhone XS Apple компаниясының бүгінге дейінгі шығарылымындағы ең үлкен смартфон. Жаңа смартфонның дисплейіній диагоналі 14,7 сантиметрді құрайды. Ал көлемі бойынша ең үлкен саналатын iPhone XS Макс дисплейіній диагоналі 16,5сантиметр. Атап айтқанда, Apple-дің жаңа сағаты иесінің қаншалықты қатты құлағанын анықтай алады. Құрылғыға сонымен қатар қолданушының электрокардиаграммасын түсіре алатын электрондық сенсор орнатылған.

Айта кетейік, iPhone XS және iPhone XS Max смартфондарының таныстырылымы 12 қыркүйек Apple-дің Калифорния штатындағы штаб-пәтерінде өткен болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз