Жапондар ерекше көзілдірік жасады

0
359

Жапонияда TouchFocus-тың көмегімен линзасы әр түрлі қашықтықта өзгеретін көзілдірік жасалды.

Линзаның бір ерекшелігі жақтаудағы сенсорды түрткен кезде, көзілдіріктің төменгі жартысына орнатылған сұйық кристалдар позициясы мен фокусын өзгертіп,  объектілерді жақынырақ көруге мүмкіндік береді. Ал, сенсорды қайта түртсеңіз, линза бастапқы күйіне оралады. Бұл әсіресе, бифокальды көзілдірік қолданатындар үшін таптырмас дүние деуге болады.

Бифокальды линза дегеніміз не?

Линзаның бұл түрі әртүрлі қашықтықта көруден қиналатын адамдарға арналған. Линзалар ыңғайлы, себебі олар екі жұптан тұрады. Бір бөлігі қашықтықты көруге мүмкіндік берсе, екіншісі жақын аралықтармен жұмыс істейді.

Бифокальды, трипокальды немесе варифокальды линзалар әр түрлі қашықтықта көру үшін арналған. Алайда, бұл көзілдірікті барлық адам бірдей қолдана алмайды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз