Ақтөбеде лифт шығаратын зауыт құрылысы басталды

0
154
Көрнекі сурет.

22 мамыр күні “Ақтөбе” индустриалды паркінде 202 млн теңгеге белорусиялық лифт жабдықтарын құрастыру зауытының құрылысы басталды.

“Ақтөбе” ӘКК мәліметіне сәйкес, кәсіпорын 2019 жылдың қараша-желтоқсан айларында іске қосылады. Жақын арада іргетасын қалау және алдын-ала дайындалған рамалық конструкцияны орнату жоспарлануда, ғимарат қабырғалары сэндвич-панельдерден көтеріледі.

“Жобаны жүзеге асыру 202 млн теңгеге бағаланады. “Жігер Ақтөбе” және “QazBel Лифт” компаниялары өз қаржысының 100%-ын жобаға салады. Кәсіпорынның қуаты – жылына 300 лифтке дейін”, – деді корпорация қызметкерлері.

Шығарылатын өнімді ішкі нарықта сату жоспарланып отыр.

“Қазақстандық нарықтың 60-70 пайызын отандық құрастырылған лифті жабдығымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Мұнда 20 жұмыс орны ашылады. Бастапқы кезеңде құрастыру цехы ашылады, барлық құрамдауыштар Беларусь Республикасынан жеткізіледі”, – деді мамандар.

Сонымен қатар, “QazBel Lift” компаниясының өкілі Виктория Филиппова-Федина хабарлағандай, қазіргі уақытта олар екі цехты жабдықтауға дайын.

“Бірінші лифтті желтоқсан айында шығаруды жоспарлап отырмыз”, – деп түйіндеді ол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз