Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

0
182
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.

23 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды. 

Сапар барысында Мемлекет басшысы бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысандармен танысады. Қарағандыда Президенттің төрағалығымен Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы жөнінде кеңес өтеді.

Бағдарламаға сәйкес, түстен кейін сапар Жезқазғанда жалғасады. Онда Қ.Тоқаев мыс балқыту зауытының жұмысымен танысады. 24 тамызда Мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін Халықаралық туризм форумына қатысады және ІІ “Жезкиік” халықаралық музыка фестиваліне барады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз