Бішкекте балаларға «сексуалдық зорлық» көрсеткен мұғалім Түркияға қашып кетті

0
106

Билим АКИpress ақпараттық агенттігінің таратқан хабарына сәйкес 21 ақпан Қырғызстан Республикасының парламент мәжілісінде парламент депутаты Ирина Карамушкина Бішкек азаматтарына өтініш білдіріп, Бішкектегі Түркияның білім министрлігіне қарасты Қырғызстан-Түрік бастауыш мектебінің директоры тарапынан мектеп оқушыларының «сексуалдық зорлық-зомбылық» көргендігі туралы хабарлады.

Қырғызстан Республикасының парламент депутаты Ирина Карамушкинаның айтуынша Манас Университеті маңында орналасқан (біраз жылдан бері рұқсаттама құжаттарынсыз, заңсыз жұмыс істеп келе жатқан) Қырғызстан-Түрік бастауыш мектебінің ата-аналары мектеп басшысының үстінен шағым түсірген.

Қырғыз-Түрік бастауыш мектебі 20 жылдан бері лицензиясыз жұмыс істеп келеді.

Қазіргі директор Омер Айдынның мәлімдеуінше бұл мектеп ашылғалы бері белгісіз біреулердің қолдауында болған. Ата-аналар білім министрлігімен байланысқан кезде, министрліктің бұл мектептің лицензиясыз жұмыс жасап келгендігінен тіпті аталған мектептің бар екенінен де хабарысыз анықталды.

Бішкек әкімшілігі Қырғыз-Түрік бастауыш мектебінің құрылысына да рұқсат бермеген. Бұған қарамастан мектеп мекемесі  2 гектар жерді өз иелігіне алып 1995 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Директор Омер Айдынның әрдайым өздерін және балаларын қорлайтындығы және мектеп мұғалімдеріне ешқандай мекемеге шағымданбау керектігін айтып қорқытатындығы мектеп ата-аналарының наразылығын тудырды.

Қырғыз-Түрік бастауыш мектебі мұғалімдерінің барлығы Түркия азаматтары болғандықтан Қырғызстандағы Түркия елшілігіне шағымдануға қорыққан.

Мектеп директоры Омер Айдынның балаларға «сексуалдық зорлық» көрсететіні анықталды.

Ата-аналардың бірі баласының мектепке не себептен барғысы келмейтіндігін және неден қорқатындығын нақтылай бастағанда ғана мәселенің мән-жайы анықталды. Оқушы ата-анасына емес психолог алдында бар қорқынышын жайып салған. Мектеп директоры Омер Айдын оқушыларды өз кабинетінде және табиғат аясында өткізілетін сабақтан тыс уақыттарда «сексуалдық зорлық» көрсеткендігі психологқа айқын болған уақытта ғана 9 жасар баланың анасы жергілікті полицияға шағымданады. Алайда айыптан жалтарып шыққан мектеп басшысы оқушыны мектептен шығарып жіберген.

Оқушының анасы Ленин аудандық полиция бөлімшесінің өкілдерімен келген уақыттың өзінде мектеп аумағына полиция өкілдерін оңайлықпен кіргізбеген.

Қазіргі уақытта аталған мектепте 200-ден астам қырғыз балалары білім алуда.

Оқушылардың көпшілігі дерлік әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылардан шыққан болғандықтан да мектеп директоры осындай арсыздыққа бой алдыруды жөн санаған. Мұндай бассыздықтың жөні былай тұрсын ата-аналардың өзін Қырғызстан азаматтығынан бас тартып Түркия азаматтығын алуды талап еткен.

Аталған мектепте балалар 8 жылдық білім алып, мектеп бітіргеннен кейін міндетті түрде Түркияға барып, ер балалар түрік әскерінде әскери борышын өтейді мыс.

Жәбірленген 9 жасар мектеп оқушысының анасына бүгінде мектеп басшылығы бірнеше рет ақша ұсынып, тіпті мектептен қуылған баланы қайта қабылдамақ болған. 

Баланың анасы бұл оқиғаларды ысырып қойғанда өзім Омер Айдыннан жәбір көрдім дейді.  «Ол дүйім жұрттың алдында маған қол көтерді. Бұл мәселеге байланысты мен полицияға шағымданған болатынмын. Алайда Түркия елшісі менімен жеке кездесіп мұндай жағдайдың екінші рет қайталанбайтынын жеткізді».

Баланың анасы мектеп директорының бұл әрекетін Қырғызстандағы Түркия елшілігі жауып, жасырып отыр деп айыптайды. Тіпті Қырғызстандағы Түркия елшісінің кеңесшісі Омер Айдынның ауылдасы екенін нақтылады.

Мен ұлымды ұлттық негізде де қорлағаны үшін менің және ұлымның алдында ресми түрде кешірім сұрауын талап етемін. Алайда қазіргі уақытта Омер Айдынның елден қашып кеткендігі туралы ақпарат алдық»!

Аталған оқиғаға байланысты Түркия Республикасының Қырғызстандағы елшілігі пікір білдірді.

Түркияның Қырғызстандағы елшілігі «Мәселені жедел тергеу шаралары басталды. Қырғыз-Түрік бастауыш мектебіның директоры мен орынбасары лауазымынан босатылды. Орнына уақытша әкімшілік тағайындалды», деп мәлімдеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз