Тоқаевтың баспасөз хатшысына коронавирус жұқты. Ақордада карантин күшейтілді

0
104
Берік Уәли.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Уәли 5 маусымда тапсырған анализінен вирус табылғанын, ауруханада емделіп жатқанын жазды.

“Қазір ауруханада, дәрігерлердің қарауында жатырмын. Жағдайым бір қалыпты. Аса алаңдайтындай емес” деді ол.

Уәли Тоқаев белгіленген кестеге сай жұмыс істеп жатқанын айта келе, “оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ” деп жазды. Баспасөз хатшысының жазуынша, Тоқаев үнемі тест тапсырып, қорытындысын алып отыр. Уәли Ақордада санитарлық режим күшейтіліп, қауіпсіздік шаралары қатайтылғанын да хабарлады.

43 жастағы Берік Уәли 2019 жылдың наурызынан бері Тоқаевтың баспасөз хатшысы.

Бұл қызметке дейін ол республикалық арналарда журналист, инвестиция және даму министрлігінің ақпарат департаментінің директоры әрі министр кеңесшісі болды. Биліктегі “Нұр Отан” партиясы басшысы бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметін де атқарды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз