Терроризмді насихаттайтын 9 мыңға жуық сайт бұғатталды

0
94

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың мәлімдеуінше өткен жылы Республикада терроризмді насихаттайтын тоғыз мыңға жуық сайт бұғатталды.

Министр кеңейтілген отырыста өткен жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысының ақпарат саласындағы заң жобасына қол қойғанын мәлімдеп «Бұл заң азаматтарымыздың құқығын қорғау механизмдерін күшейтіп, БАҚ саласына, байланыс операторларының жұмысына қатысты талаптарды оңтайландырады», – деді.

Дәурен Абаев сондай-ақ, еліміздің ақпарат жүйесінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында тиісті шаралар жүргізіліп жатқанын жеткізіп «Өткен жылы терроризм мен діни экстремизмді, суицид, зорлық-зомбылықты насихаттайтын 9 мыңға жуық сайттың жұмысы тоқтатылды. Әлеуметтік желілерде осы сарындағы 230 мың материал жойылды», – деп мәлімдеді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз