Астана процесіне қатысушы шетелдік делегаттар елордаға келді

0
75

Сирия дағдарысы бойынша Астана процесіне қатысушылардың барлығы елордаға келді.

“Алдағы Сирия бойынша кезекті Астана процесіне қатысатын делегация өкілдері елордаға келді, соның ішінде кепілгер елдер: Иран, Ресей, Түркия делегаттары да бар”, – деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры Айдарбек Тұматов.

Ресей делегациясын Сирия бойынша РФ президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев бастады. Түркиядан СІМ басшысының орынбасары Седат Онал келді. Иран делегациясын Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер бойынша Аға көмекшісі Хусейн Джабери Ансари бастады. БҰҰ делегациясын Сирия бойынша БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура басқарады. Сирияның қарулы оппозициясы делегациясын бастаған бригадир Ахмад Әл-Тома да Астанаға келген.

Сирия бойынша кезекті Астана процесінің ХІ раунды 28-29 қарашада өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз