Қазақстандық 7 әйел мен 16 бала Сириядан елге қайта алмай отыр

0
108
REUTERS

Жиырмаға жуық қазақстандық  Сириядан Қазақстанға қайта алмай жатыр. Бұған дейін аталған азаматтар Орал, Ақтөбе және Алматы, Жезқазған қалаларында тұрған. Телеарна ақпарына сәйкес, әйелдердің жұбайлары Сирияда өлтірілген. 7 әйел мен 16 бала соңғы сегіз айдан бері Түркиямен шекаралас аймақтағы күрдтер бақылайтын арнайы лагерьде, деп хабарлайды “31 арна”

СІМ ақпарына сәйкес, дипломаттар Сирия мен Ирактағы соғыс алаңдарында күн кешіп жатқан отандастарды іздестіру үстінде. Иордания елшілігі, Ливандағы бас консулдық, сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің арнайы өкілдері қазақстандықтарды іздестіруде. Табыла қалса, оларды Отанға қайтару үшін арнайы тікұшақ бөлінеді.

СІМ бірінші орынбасары Мұхтар Тілеубердінің сөзінше, сол аймақтағы бірқатар қазақстандықтар Сирия мен Ирак билігі тарапынан лаңкестік әрекетке қатысы бар-жоғы анықталатын арнайы тексерістен өтеді. Егер, отандастар кінәсіз деп танылса, туған мекеніне аттандырылады.

Еске салсақ, өткен жылы Сириядағы соғыс аймағынан бес қазақстандық шығарылып, Грозный әуежайына жеткізілген еді.

Астана дін істері басқармасының ақпарына сәйкес, қазіргі уақытта 390 қазақстандық бала Сирияда. Басқарма басшысы Данияр Есін балаларды қайтару үшін қажетті шаралардың қолға алынып жатқандығын мәлім етті.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз