Рамазан Қадыров Сирияда құтқарылған қазақстандықтарды көрсетті

0
138
instagram.com/ kadyrov_95

13 қараша күні Грозный әуежайына Сирияның ыстық нүктелерінен құтқарылған 12 әйел және 29 бала жеткізілді.

Келгендердің ішінде Қазақстанның бес азаматы, Өзбекстанның екі азаматы Шешенстаннан, Ингушетиядан, Дағыстаннан және Башқұртстаннан келген ресейліктер деп хабарлайды РИА Новости.

Осы орайда Шешенстан басшысы Рамазан Қадыров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында (Instagram) Сирияда құтқарылған әйелдер мен балалар «қылмыстық ессіздіктерінен» «Иблис мемлекетінің террористер қатарын толықтырған»  әкелері мен жұбайларының себебінен соғыс аймағында қалғандар деп мәлімдеді.

«Енді балалар мен аналары қауіпсіз жерде! Олар ұзақ уақыттан кейін алғаш рет Грозный әуежайына келген туыстарымен қауышты», – деп жазады Қадыров.

Оның айтуынша, шешен билігі Сирия мен Ирактың ыстық нүктелерінен әйелдер мен балаларды қайтару үшін үлкен жұмыс жасайды. Сонымен қатар, Қадыров аталған жағдайға тап болған ресейлік азаматтарды да қиын жағдайда қалдырмайтындарына  уәде берді.

«Біз міндет толығымен орындалмайынша, жұмысты тоқтатпаймыз. Ресейдің бірде-бір азаматын қиын жағдайда қалдырмаймыз», – деп жазады Шешенстан басшысы.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз