Елордада Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумы басталды

0
128

4 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумы басталды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы баспасөз қызметі хабарлады. 

Конгресс-орталықта өтіп жатқан форумда “Азия әдебиетінің жауһарлары” атты кітап көрмесі ұйымдастырылған.

Тұңғыш рет өткізіліп отырған бұл форум Азия континентінде орналасқан елдер арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайту, Қазақстанның әдебиетін, рухани құндылықтарын паш ету, әдеби үдерістің дамуына қатысты Азия елдерімен тәжірибе алмасу сынды бірқатар мақсат-міндеттерді көздейді.

Азия елдері қаламгерлерінің І форумында 44 мемлекеттен Нобель сыйлығының номинанттары, Букер және ASEAN әдеби жүлдесінің жеңімпаздары, ұлттық, мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері һәм Жазушылар одағы мен ассоциацияларының төрағалары сынды 90-ға жуық ақын-жазушылар мен еліміздің түкпір-түкпірінен шақырылған қаламгерлер бас қосты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз