Пара алған Жетісайдың экс-әкімі сотталды

0
85

«Өзінің жұмыс кабинетінде пара алып жатқан жерінде» ұсталған Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жетісай қаласының экс-әкімі Байдуалы Базарбақовқа Мақтарал аудандық соты үкім шығары.

«200 мың теңге пара алды» деген күдікпен қамауға алынған шенеунікке қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөліміне сәйкес айып тағылып, 12 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеу жөнінде үкім шығарылды.

Аудандық сот судьясы Сейілхан Мұсабеков: «Байдуалы Базарбаев тағылған айыпты толық мойындады. Сот оған 12 миллион айыппұл салды және оны 15 сәуірге дейін өтеуді тапсырды», – дейді.

Еске сала кетейік, пара алу үстенде ұсталған шенеунік өткен жылдың қаңтар айында Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласында заманауи үлгідегі қоғамдық әжетхананың ашылуына қатысып, басы дауға қалған болатын. Бұл нысанның аудан әкімінің бастамасымен бой көтергенін айтқан шенеунік оны салуға 3,1 млн теңге жұмсалғанын жеткізген еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз