Шекарада Қазақстан азаматы оққа ұшты

0
99
Қырғызстанның Талас облысы аумағындағы Қазақстанмен шекара бөлігі.

23 қаңтар күні Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында оқ атылып, бір адам ажал құшты. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз хатшысы Қанатбек Сұлтанов хабарлады.

Шекара қызметінің мәліметінше, бүгін түске таман Қырғызстан шекарашыларынан Талас облысымен шектес “Жас Өркен” заставасына жақын аумақта белгісіз үш адам бірнеше бас жылқыны Қырғызстаннан Қазақстанға заңсыз айдап әкетпек болғаны туралы хабар түскен. Шекара бұзушыларды ұстамақ болып оқиға орнына қырғыз шекарашылары барған. Белгісіз адамдар шекарашылар өздерін ұстамақ болғанда пышақ шығарып, қарсылық көрсеткен.

Азаттық радиосының хабарлауынша, бұл оқиғадан соң қырғыз шекарашылары ескерту ретінде әуеге оқ атқан. Бірақ үш адам шекара жасағының ескертуін елемей, қарсылық көрсете берген соң шекарашылар оларға оқ атып, біреуін жаралаған. Екі адам Қазақстан аумағына қарай өтіп кеткен.

“Бұл оқиғадан жарты сағат өткенде Қырғызстан жағы жараланған адамның Қазақстан азаматы екенін және оның қайтыс болғанын хабарлады. Бірақ оның өзімен бірге құжаты болмаған, қазір азаматтығы анықталып жатыр” деді Сұлтанов.

Баспасөз хатшысы қазір Қазақстан шекарашылары шекарадан өтіп кетті деген күдіктілерді іздеп жатқанын айтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз