Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

0
124
дереккөзден

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы “Қазгидромет” хабарлайды.

24 қаңтар таңертең және түнде Қостанай облысында кей аймақтарда боран соғып, тұман түседі, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады.

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.

24 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында кей аймақтарда боран соғып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады.

Петропавлда 24 қаңтарда боран соғады деп күтілуде. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 15-20 метрге дейін ұйытқиды.

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.

24 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, боран соғады деп күтілуде. Кей аймақтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метрге дейін ұйытқиды.

Астанада 24 қаңтарда боран соғады деп хабарланады.

Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз