Түркияда қазақстандық журналист қайтыс болды

0
100
Жасұлан Көжеков Соғыс және бейбітшілік институтының адам құқығы саласында тағайындаған сыйлығын марапаттау рәсімінде. Бішкек, 10 желтоқсан 2010 жыл. Photo: azattyq.org

30 қаңтарда Түркияның Анталья қаласында қазақстандық журналист Жасұлан Көжеков көз жұмды. Бұл туралы журналистің туыстары мен жақын әріптестері хабарлады.

Оның неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Ол бірнеше жыл бұрын Қазақстаннан Түркияға көшіп кеткен.

“Бүгін Түркияда бауырымыз әрі әріптесіміз Жасұлан Көжеков мезгілсіз қайтыс болды. Қазақстанның журналистік қауымдастығы үшін орны толмас қаза. Иманды болсын” деп жазды журналистің бұрынғы әріптестерінің бірі Артур Нығметов Facebook желісінде.

Жасұлан Көжеков 1969 жылы туған. Атыраудың мемлекеттік университетін тәмамдаған. Жақын әріптестерінің айтуынша, 90-жылдары Atyrau Today тәуелсіз басылымын ашып, өткір қоғамдық-саяси мәселелерді қозғаған. Бірақ кейіннен бұл басылым жабылған.

Жасұлан Көжеков 2009-2011 жылдары Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы тілшісі болған. 

Көжеков мұнай саласында сараптама мақалалар жазған. Соңғы жылдары публицистикамен айналысқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз