“Астана” командасының бапкері ауысты

0
113
"Астана" футбол клубы. Сурет: kazaknews.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек енді “Астана” командасын жаттықтыратын болады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. 

Чехиялық тренерді жақын арада команданың жаңа бапкері ретінде таныстыратын болады. “Астананың” бапкерлігіне Михал Билектен басқа румыниялық Дан Петреску, украиналық Мирон Маркеевич, ресейлік Рашид Рахимов және словакиялық Владимир Вайсстің кандидатурасы ұсынылған болатын.

Билек “Астананың” бұрынғы бапкері Роман Григорчукты алмастыратын болады. Украиналық бапкер команданы 2018 жылдың маусым, тамыз айларында және 2019 жыл бойына жаттықтырған болатын.

54 жастағы Билек Қазақстан құрамасын өткен жылдың қаңтар айынан бастап қабылдаған еді. Қазақстан құрамасы Билек жаттықтырған кезеңде 10 ұпай жинап Еуро-2020 іріктеу турында соңғы екі команданың бірі болды.
Михал Билек Қазақстанға келмес бұрын Чехия құрамасы мен грузиндік “Динамо” командасын жаттықтырған. Прагалық “Спарта” Билек басқарған кезеңде 2007 жылы екі рет алтын жеңді. 2003 жылы Чехияның жасөспірімдер командасы Еуропада үшінші орын алған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз