Астанада бәйге түрлерінен жарыс өтеді

0
137
ашық дереккөзден алынды

Астанада  «Қазанат» ипподромында бәйге түрлерінен жарыс өтеді. Шара 24 қыркүйек сағат 15.00-де өтеді, деп хабарлайды спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің баспасөз қызметі.

Бәйгеге қатысушылар 7000 м қашықтықтағы жорға жарыс, 21000 метрдегі аламан бәйге сынды бәйге түрлерінен жарысқа түседі.

Қазақстан Республикасы жастарының құрметіне (1400 м қашықтыққа) және «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің құрметіне (1800 м қашықтыққа), «Мәңгілік ел» (2400 м қашықтыққа), сондай-ақ супер дерби бойынша (2400 м қашықтыққа) жүлделер  қарастырылған. Жүлде қоры 3 орынды қоса алғанда жеңімпаздарға тағайындалады.

Атап өтсек, бәйге қазақ халқында ұлттық ойын түрі болып саналады, дегенмен аталған ойын түрі түркі халықтары арасында да кеңінен танымал. Бәйге осы күнге дейін өз маңызын жоймаған спорт түрі. Бәйге мен аламан бәйге табандылыққа, батылдыққа, тапқырлыққа үйрететін ұлттық спорттың бағалы түрі.

Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз