Қазақстан FIFA рейтингінде жоғарылады

0
40
Қазақстан ұлттық құрамасы. Photo: kff.kz

Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) жаңартылған рейтингінде Қазақстан 3 саты жоғарлады. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

Ұйымның ресми сайтында жарияланған қарашадағы нұсқада Михал Билек жаттықтыратын Қазақстан құрамасы қазір 118-ші орында.

Қазақстан ұлттық құрамасы соңғы рет Еуропа-2020 чемпионатының іріктеуінде алдымен Сан-Мариноны ұтты (3:1), кейін Шотландиядан ұтылды (1:3). Екі ойын да қарсылас алаңында қараша айында өткен.

28 қарашадағы ФИФА рейтингі:

  1. (1). Бельгия – 1765 ұпай,
  2. (2). Франция – 1733,
  3. (3). Бразилия – 1712,
  4. (4). Англия – 1661,
  5. (5). Уругвай – 1645,
  6. (7). Хорватия – 1642,
  7. (6). Португалия – 1639,
  8. (8). Испания – 1636,
  9. (9). Аргентина – 1623,
  10. (10). Колумбия – 1622,

…118 (121). Қазақстан – 1155.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз