Боксшы Елеусінов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

0
18
Боксшы Данияр Елеусінов.

28 қараша күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов намибиялық бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгоны техникалық нокаутпен жеңді.

Кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегін өткізген олимпиада чемпионы жартылай орта салмақта IBF Intercontinental белбеуін жеңіп алды.

Боксшы карьерасында алғаш рет белбеу үшін жұдырықтасуға мүмкіндік алды.

Елеусінов пен Индонго Голливудтағы кәсіпқой бокс кешінің андеркартында жұдырықтасты, кездесу он раундқа жоспарланды. Кештің басты жекпе-жегі Головкиннің бұрынғы екі қарсыласы – Даниэл Джейкобс пен Габриэль Росадоның кездесуі болмақ.

Данияр Елеусінов бірінші раундта-ақ қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші раундта Индонго екінші рет нокдаун алып, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Қазақстандық боксшысы кәсіпқой бокста жеңілмеген. Ал Индонго үшін бұл үшінші жеңіліс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз