Чемпиондар лигасынан күміс жүлде

0
114

Алматылық Қайрат командасы футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық бәсекесінде Португалияның Спортинг командасы есе жіберді. 

Похожее изображение

Финалдық бәсекеге дейін Қайрат Каталондық Барселона командасын 2-5 есебімен, Спортинг Интерді 5-3 есебімен тізе бүктірген еді. Дегенмен финалда есеп айырмасы мейлінше аз болды.

12000 жанкүйер тамашалаған ойында жауапсыз екі голды қонақ команда соқты. “Спортинг” сапынан Кавинато мен Алекс Мерлим көзге түсті. Ал матч соңына қарай Дуглас есеп айырмасын қысқартты. Жалпы есеп 2-1 есебімен Спортинг өз тарихында алғаш рет Чемпиондар Лигасының чемпионы атанды.

 

Естеріңізге сала кетейік Қайрат командасы осыған дейін 2012-2013 және 2014-2015 жылдары Чемпиондар Лигасы жеңіп алған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз