Дипломаттар су добынан сынға түсті

0
139
Жүзуден жарысқа қатысушы мәреге жақындап келеді.

20 сәуір күні “Барыс Арена” спорт кешенінде ҚР дипломатиялық корпус қызметкерлері арасында су добы мен 50 метрге жүзуден жарыс өтті. Бұл туралы KAZAKNEWS тілшісі хабарлайды.

Шет елдік және отандық дипломаттар арасындағы байланысты нығайтуды мақсат еткен шараға 100-ге жуық дипломатиялық корпус қызметкерлерінен құралған 5 команда қатысты.

Жарыстың ашылуында сөз сөйлеген ҚР СІМ жауапты хатшысы Сейтимов Нұрлан, Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ничкасов Анатолий Иванович қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс барысында ҚР мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Серік Сәпиевпен сөйлескен болатынбыз.

ҚР мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Серік Сәпиев.

“Бүгінгі шараны СІМ мен Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр. 100 ден аса дипломатиялық корпус қызметкерлері бақ сынап жатыр. Жарыс спорттың су добы мен жүзу түрінен өтуде. Басты мақсат салауатты өмір салтын ұстану және спортты насихаттау. Сонымен қатар, бұл жарыс дипломаттар арасындағы достық байланысты да нығайтады. Қатысушылар арасында шет елдіктер де бар. Атап айтсақ, Иран, БАӘ, Хорватия т.б. Бұл игі шара жыл сайын дәстүрге айналады деп сенемін“, – деді ол.

Жарысқа қатысушылар.
Ұйымдастырушылар.
Жеңімпаздар жүлдесі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз