Елордалық футбол жанкүйерлеріне арнайы автобус әзірленді

0
74

«Астана» ФК (Қазақстан) мен «Яблонец» ФК (Чехия) командаларының арасындағы ойынға баратын жанкүйерлері үшін арнайы автобустар әзірленді.

Полиция департаментінің хабарлауынша, сағат 20:00-ден бастап 22:00-ге дейін Тұран және Қабанбай батыр даңғылдары, Керей-Жәнібек хандар көшесінен бастап Ұлы Дала даңғылына дейінгі жол қозғалысына шектеу қойылады.

Астана Халықаралық әуежайына және қала маңындағы кенттерге қарай  жол жүруді жоспарлап отырған азаматтарға баламалы бағдарды алдын ала таңдау ұсынылған. Жанкүйерлердің жайлылығы үшін сағат 20:00-ден бастап «Қазақстан» СК (Қ.Мұңайтпасов көшесі), «Нұр Астана» мешіті (шығыс жағынан), астаналық цирк көлік тұрақтарынан арнайы рейстік автобустар жүреді.

Қазақпарат хабарлағандай, ойын аяқталған соң кері бағытта да автобустар қарастырылып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз