Көп күттірген жекпе-жек он секундта аяқталды

0
89

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам екі жылдық үзілістен кейін кезекті  нокаутын жалғастырып рингке қайта оралды.

Қанат Ислам 6 шілде күні Алматы қаласындағы “Балуан шолақ” спорт сарайында доминикандық Хулио де Хесуспен (27-2, 24 КО) жекпе-жек өткізді. Орта салмақтағы жекпе-жек бірінші раундтың оныншы секундында аяқталып Қанат Ислам жеңіске жетті.

 

Рефери нокауттан соң айқастың дереу аяқталғаны туралы белгі  берді. Осылайша Қанат Ислам техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Естеріңізге сала кетейік, бұл жекпе — жек титулдық белбеу үшін болды. Қанат Ислам WBO Inter-Continental нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы бос орынды жеңіп алды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз