Ұлттық құраманың капитаны Исламханнан допинг табылды

0
48

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Азия чемпиондар лигасының матчынан кейін тапсырған допинг тесттен өтпей қалды. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады. 

18 қыркүйек күні БАӘ футбол клубы Аль-Айн командасының ойыншысы Бауыржан Исламхан Азия Чемпиондар лигасында “Аль-Садд” командасына қарсы ойын көрсетті. Алаңда Бауыржан 68 минут өнер көрсетті. Матчтан кейінгі тесттің нәтижесі Бауыржанға және оның командасына білдірілді. Алайда, “Аль-Айн” командасы бұл мәселеге қатысты әлі нақты ақпарат берген жоқ.  Бірақ Исламхан футболдан шеттетілуі мүмкін.

Қазақстан Футбол Федерациясы бұл оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады:

“Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан да көмекке келе алмайды. Азия чемпиондар лигасының ойынынан кейін футболшының тапсырған допинг сынағында тыйым салынған препарат табылған. Ол уақытша ресми ойындарға қатыспайды.”- деп ресми сайтқа жариялады.

Бұған дейін Исламхан УЕФА аясында өтетін турнирлердің алдында бірнеше рет допинг тест тапсырған. Бірақ ол кезде футболшыдан ешқандай допинг табылмаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз