“Манчестер Юнайтед” астанаға үшінші құраммен келді

0
69
Photo: manchestereveningnews.co.uk

27 қараша күні Англияның “Манчестер Юнайтед” клубының футболшылары мен бапкерлері Нұр-Сұлтанға келді. Команда ертең Еуропа лигасы аясында “Астанамен” ойнайды. Бұл туралы kazfootball.kz  сайты хабарлады.

“МЮ” командасы мінген ұшақ Назарбаев халықаралық әуежайына жергілікті уақытпен таңғы 4:20-да келіп қонды. Команданың жанкүйерлері де бірге келген.

Айта кетейік, Англиялық команда ойынға үшінші құраммен келген.

“Астана” – “Манчестер Юнайтед” матчы 28 қараша күні 21:50-те басталады. Ойын QazSport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстанға келген “Манчестер Юнайтед” ойыншылары: 

Қақпашылар: Ли Грант, Матей Ковар;

Қорғаушылар: Люк Шоу, Макс Тейлор, Аксель Туанзебе, Теден Менги, Дишон Бернард, Итан Лейрд;

Жартылай қорғаушылар: Джесси Лингард, Дилан Левитт, Итан Галбрейт, Арнау Пуигмал, Джеймс Гарнер, Тахит Чонг, Эйнджел Гомес;

Шабуылшылар: Мейсон Гринвуд, Ларджи Рамазани, Д’Мани Бугейл-Меллор.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз