Нұр-Сұлтандағы Ironman 70.3 жарысы қалай өтті?

0
127
Ironman 70.3 Astana триатлон халықаралық жарысы. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбеков.

14 шілде күні Елордада Ironman 70.3 Astana триатлон бойынша ең беделді халықаралық жарысы өтті. Ашылу салтанатында қала әкімі Алтай Көлгінов сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтады.

“Баршаңызды сайыстың ашылуымен құттықтаймын. Сәттілік, жеңіс, денсаулық тілеймін”, – деді әкім. Сонымен қатар, ол қатысушылармен бірге 21 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

Жарысқа әлемнің 50 елінен 1400 қатысушы сайысқа қатысты. BI Group Ironman 70.3 Astana 2019 жарысының ерекшелігі Prо санатындағы атлеттердің қатысуында. Арнайы лицензиясы бар кәсіби триатлеттер үшін триатлон тек қана әуесқойлық емес, сондай-ақ кәсібі. Олар Нұр-Сұлтанға кімнің күштірек екенін анықтау үшін келді. Стартқа шыққан спортшылар арасында Tim Don, Radka Kahlefeldt, Nils Fromhold, Даниил Сапунов, Алексей Калситратов және т.б. көптеген белгілі спортшылар болды.

Жарысты ұйымдастыруға, қала қонақтары мен спортшыларға жәрдемдесетін 700 Qvolunteers еріктісі тартылды.

Сайысқа қатысушылардың ішінде жасы үлкені Жапониядан келген жүгіруші, жасы 78-де.

Abdimanap Kenes

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз