Қысқы Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі

0
151
Photo: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті-Данияр Майлыбаев

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында үш мыңға жуық спортшы қатысқан 2018 жылғы қысқы Олимпиаданың салтанатты жабылу шарасы болып өтті. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Салтанатты шара барысында Қазақстан ұлттық құрамасы қатысқан спортшылардың шеруі өтті.

Сондай-ақ, марапаттау рәсімі қоса өткізіліп, ерлер мен әйелдер арасындағы шаңғы марафонының жеңімпаздарына медальдар берілді.

2018 жылғы Қысқы Олимпиаданың ресми түрде жабылуын Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах жарияады.

Олимпиада ойындарына әлемнің 92 елінен келген 2922 спортшы қатысып, 15 спорт түрінен 102 марапаттарға ие болды.

Шараның жабылу рәсімінен кейін Пхенчхан қысқы Олимпиада эстафетасын Пекинге табыстады.

2015 жылы 30 шілдеде Пекин 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығын жеңіп алды.

24-қысқы олимпиада ойындары Пекинде 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығында өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз