Рафаэль Надаль Қазақстанда әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

0
69
Әлемнің екінші ракеткасы Рафаэль Надаль.

24 қазан күні Қазақстан астанасында теннис спортынан әлемнің бірінші және екінші ракеткаларының қайырымдылық матчында әлемнің екінші ракеткасы испаниялық Рафаэль Надаль жеңіске жетті. 

Барыс Арена спорт кешенінде өткен ойын үшінші кезеңдегі тай-брэйктен соң испаниялық спортшының пайдасына шешілді.

Әлемнің бірінше ракеткасы Новак Джокович.Тенн

Джокович мен Надаль арасында өткен қайырымдылық теннис матчын Қазақстанның бірінші президенті де тамашалады.

Суретте: (солдан оңға қарай) ҚТФ президенті Болат Өтемұратов, Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, атақты қонақтарды Қазақстанға ҚТФ президенті Болат Өтемұратов алдырған.

Пресс-конференция. ҚТФ Президенті Болат Өтемұратов әлемнің бірінші және екінші ракеткасымен

Астана уақытымен түскі сағат 12:00-де спортшылардың қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті.

Брифингте журналистер сұрақ қойып, спортшылар жоспарларымен бөлісті.

Пресс-конференциядан соң спортшылар Елордада теннис орталығының ашылу салтанатына қатысты. Жас спортшылармен кездесіп, суретке түсіп, қолтаңба қалдырды.

Теннис сарайының ашылу салтанатынан соң спортшылар Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Рафаэль Надаль мен Новак Джокович Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен. Photo: Akorda.kz

“Бұл – қазіргі заманның даңқты теннисшілерінің ойынын Қазақстанда көруге керемет мүмкіндік. Аталған матчтың қайырымдылық мақсатта өтіп отырғаны аса маңызды. Сіздердің астанамызға келгендеріңіз Қазақстанда дамып келе жатқан тенниске үлкен қолдау екені даусыз. Бүгінгі балаларға көрсететін шеберлік сабақтарыңыз оларға жақсы үлгі болады және шабыттандырады деп сенемін”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстандағы теннистің дамуына жоғары баға берген Рафаэль Надаль мен Новак Джокович кездесуге мүмкіндік жасағаны және тенниске көрсетіп отырған қолдауы үшін президентке алғыстарын айтқан.

Барыс Аренада матч басталардың алдында теннисшілер Қазақстанның бірінші президентімен кездесті.

Рафаэль Надаль мен Новак Джокович Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев ойынның жарқын және тартысты өтуіне тілектестік білдірді.

“Қазақстандықтар планетаның үздік теннисшілерін көргендеріне өте қуанышты. Мен сіздердің ойындарыңызды үнемі қараймын. Сіздер спортта үлкен жетістіктерге жеттіңіздер”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

АТР (Кәсіби теннисшілер ассоциациясы) рейтингінде бірінші және екінші ракеткасы  ТМД елдерінің шеңберінде тұңғыш рет бір-бірімен бақ сынасты. Биыл Новак Джокович те, Рафаэль Надаль да “Үлкен дулыға” турнирін екі реттен жеңіп алған.

Сербиялық Джокович өзінің спорттық ғұмырында “Үлкен дулыға” турнирінің 16 дүркін жеңімпазы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері. Жалпы жарыстардан 135 миллион 259 мың 120 доллар ұтып алған.

Ал, испаниялық теннисші “Үлкен дулыға” жарысындағы жеңісін 19 рет тойлаған, Бейжің және Рио-де-Жанейро Олимпиадаларының чемпионы. Ол осыған дейін 115 миллион 178 мың 858 доллар пайда тапқан.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше Қазақстан астанасында өткен қайырымдылық матч нәтижесінде жиналған қаражат өңірлерде теннис инфрақұрылымын дамытуға бағытталады.

Abdimanap KENES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз