Зүлфия Ғабидуллина туралы деректі фильм халықаралық фестивальде жеңіске жетті

0
5
Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина

11 ақпан күні Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина туралы деректі фильм халықаралық спорттық кинофестивальде 1-орынға ие болды. Бұл туралы Ұлттық паралимпиада комитетінің Facebook парақшасы хабарлады.

“Ресейде өткен “Атлант” ХІІІ халықаралық спорттық кинофестивалінің “Спорт және қоғам” номинациясы бойынша “QAZSPORT” телеарнасының “История маленькой русалки” (Кішкене су перісінің тарихы) атты Зүлфия Ғабидуллина туралы деректі фильм 1-орынға ие болды”, – деп жазылған парақшада.

Фильмде мықты ерік-жігер, спортпен айналысуға деген құштарлық және жеңіске жету жолы баяндалады. Айта кетейік, Зүлфия Ғабидуллина Қазақстанның паралимпиада тарихында алтын медальға ие болған алғашқы спортшы. Ол 2016 жылы Риода өткен паралимпиада ойындарында 100 метрлік қашықтыққа еркін әдіспен жүзуде мәреге бірінші болып жетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз