iPhone 9 құны айқындалды

0
100
дереккөзден

iPhone брендіне тиесілі iPhoneХ, iPhone XS Max және iPhone 9 нарықтағы құны айқындалды. Бұл туралы Macerkorf басылымы Apple компаниясына сілтеме жасай отырып жазады.

Жаңа iPhoneХ, iPhone XS Max және iPhone 9 танытымы 12 қыркүйекте өтеді. Дегенмен, қазірдің өзінде сарапшылар корпорация серіктестерінің ақпарына сүйене отырып аталған смартфонның құнын айқындай алады.

Сонымен, iPhone смартфонының кіші моделінің  (iPhone 9, нақты атауы әзірге белгісіз) құны 799 еуроны құрайды, iPhone XS — 909 еуро, iPhone XS Plus — 1149 еуро.

256 ГБ жадыдан тұратын смартфонға төленетін үстеме ақы 170 еуро көлемінде. Бұдан өзге Apple смартфонның 512 ГБ моделін де таныстыруы мүмкін, бірақ бұл туралы нақты ақпар айтылмайды.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз