Керек кеңес: Жағымсыз иістен қалай арылуға болады

0
785

Қолға сіңген балық пен сарымсақ исі, бөлмедегі жағымсыз иіс я болмаса, ас үйді алған қолаңса иістен аз ғана уақыттың ішінде арылуға болады. Kazаknews.kz керек кеңестер тізбесін ұсынады.

  • Қолға сіңген жағымсыз иістен (тұздалған балық, сарымсақ, пияздан сіңген иіс) қолды тұзбен жуып, кейіннен сабынмен ысқылау арқылы арылуға болады.

  • Ауыз қуысынан шыққан сарымсақ иісі аскөк (петрушка) шайнасаңыз кетеді.

  • Балық қуырғаннан кейін таба мен қазанда иісі қалып қоятыны айқын. Келесі әзірлеген тағамға жағымсыз дәм сіңбес үшін таба мен қазанды күйдірілген тұзбен ысқылап, суық сумен шайып жіберсе, иіс қалмайды.

  • Пияздың жағымсыз иісінен арылу үшін ас үй тақтасы мен құрал-жабдықтарын тұзбен сүрту қажет.

  • Ас үйден шыққан жағымсыз иістен құтылу үшін беті ашық ыдысқа су құйып, қайнатып, оған сірке суын қосу қажет. Бірнеше минут өткеннен кейін сірке суымен қоса қайнаған суды араластырып жіберген жөн. Сондай-ақ, ыстық плита бетіне апельсин немесе лимон қабығын қоюға немесе тұз сеуіп жіберуге болады.

  • Егер ыстық плитаға сүт төгіліп кетсе, плитаның сүт төгілген аумағына тұз сеуіп, бетін ылғал қағазбен жауып қою қажет. Сонда иіс бар бөлмеге таралмайды.

  • Ғимараттан шыққан бояу иісінен арылу үшін бір бас сарымсақты үккіштен өткізіп, оны бөлмеде бірнеше уақытқа қалдыру керек.

  • Бөлмеден шыққан майлы бояу иісі бөлменің бірнеше жеріне тәрелкеге тұз салып қойып қойса, жоғалып кетеді.

  • Бөлмеден шыққан темекі иісінен құтылу үшін көбі желдеткішті ашып қояды. Дегенмен, бөлменің терезесін немесе желдеткішті ашып, оның бірнеше жеріне сулы орамал қойып қойсаңыз, темекі исі тез кетеді. Темекі шегілген бөлмеге бірнеше майшам қойылса да, жағымсыз иістен арылуға болады.

Дереккөз: “Невероятно” танымдық тобы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз