Бауыржан Бекешев ҚР ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister
Вице-министр болып тағайындалған Бауыржан Бекешев 56 жастағы Қарағанды облысының тумасы.
Қарағанды политехника институтында және Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде инженер-механик, заңгер мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолы 1983 жылы өндірісте оқу шебері қызметінен басталып, 1986-1997 жылдары инженер-конструктор, “Қарағандыкөмір” ӨБ тау-кен шахта жабдықтарын жөндеу зауытының комбайндар жөндеу цехы басшысының орынбасары, Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағында, “Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті” МБ-дегі сынды қызмет атқарған.
2014 жылдан бастап кешегі күнге шейін Мәскеу қаласының Еуразиялық экономикалық комиссиясының кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры болып жұмыс жасаған.
“Ерен еңбегі үшін”, “ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл” медальдарымен марапатталған.