Мемлекет басшысынан Мысыр президентіне құттықтау

0
132
2016 жылдың 26 ақпаны Мысыр Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисидің Қазақстанға мемлекеттік сапары/мұрағат/Ақорда

Мемлекет басшысы Әбдел Фаттах Ас-Сисиді Мысыр Араб Республикасының президенті лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Бұл жеңіс – Сізді мемлекеттің мүддесі мен жарқын болашағына қызмет ететін нағыз патриот және еліңіздің бірлігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ете алатын парасатты әрі тәжірибелі саяси көшбасшы ретінде халқыңыздың мойындауының тағы бір айқын дәлелі» деген мемлекет басшысы: «Мыңдаған жылдық көне тарихы бар Мысыр елі келешекте Сіздің басшылығыңызбен өтпелі кезеңдегі қиыншылықтарды еңсеріп, орнықты даму жолына түсетініне сенімдімін», – деп атап өтті.

«Астана мен Каир арасында орнаған достық қарым-қатынастар бауырлас екі халықтың береке-бірлігі үшін одан әрі өркендей беруіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз