Мысырда ірі жол апаты

0
102
ашық дереккөз

Мысыр астанасы Каир қаласының оңтүстігінде ірі жол апаты болып, жиырма адам қаза тапты. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Қайғылы апат Мысырдың оңтүстігіндегі Сохат пен Асьют қалаларын біріктіретін шөл даладағы тас жолында болған.

Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, жолаушылары бар шағын автобус пен жүк көлігінің жүргізушілері жылдамдықты шамадан тыс арттырғандықтан соқтығысып қалған.

Айта кетейік, Мысырда жол инфроқұрылымы өте төмен деңгейде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерінше, Мысырда жыл сайын жол апатынын 12 мың адам қайтыс болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз