Ресейде тағы бір сауда үйінде өрт шықты

0
105
/msk.kp.ru

Ресей астанасы Мәскеу қаласының Соколиная гора муниципиальді аймағында орналасқан «Персей для детей» сауда орталығында болған өрт салдарынан бір адам қаза тауып, алты адам жараланды. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

РФ Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпарға сәйкес, өрт Мәскеу жүн тоқу фабрикасының қоймасы орналасқан ғимараттың алтыншы қабатында болған. Өртті сөндіру үшін 25 өрт сөндіру көлігі мен үш тікұшақ жұмылдырылған.

Құтқарушылардың айтуынша, өрттен қорғау қызметінің барлық жүйелері штаттық режимде жұмыс істеген. Қойманың бір қызметкері эвакуация кезінде құлап жарақттан қаза тапқан. Алты өрт сөндіру қызметкері зардап шеккен, дегенмен, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

25 наурызда Кемерово қаласында «Зимняя вишня» сауда үйінде өрт шығып,  53 адам қаза тапқан болатын.

Алапат өрттен кейін Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев қызметінен кетті.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз