Сирия БҰҰ-ның қолдауына мұқтаж

0
68

Сирия соғыстан құлдыраған экономикасын қалпына келтіру үшін әлемдік қоғамдастықтың қолдауына мұқтаж. Ресей, Иран, Түркия президенттерінің қатысуымен Анкарада өткен үш жақты саммит барысында Біріккен ұлттар ұйымын Сирия халқын қолдауға және аймақтарда соғыс әрекеттерінен зардап шеккендерге қосымша гуманитарлық көмек жіберуге шақырды.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, кепілгер елдер Сирияның аумақтық тұтастығына бейілділіктерін білдірді. Алайда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ресми Анкара лаңкес деп санайтын күрд жасақтарымен күрестің жалғасатынын алға тартты.

Өз кезегінде РФ президенті Владимир Путин Сирия халқына көмек көрсетуге баса назар аударды. Путиннің айтуынша, елдегі саяси тұрақтылықты қалпына келтіруден өзге, халық қалыпты жағдайға өмір сүре алуы қажет. «Біз барлық мемлекеттерді сөзбен емес, іспен белсенді әрекет етуге шақырамыз», – дейді саммит қорытындысы бойынша Ресей басшысы.


Жеті жыл бойы Сирия Араб Республикасында азаматтық соғыс жүріп жатыр. Сирияны қалыпқа келтіру үшін (қираған қалалар, ғимараттар, гуманитарлық жағдай, саяси тұрақтылық) он жылдай уақыт керек, дейді сарапшылар.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз