Трамп: Ресеймен татуласқан дұрыс, бірақ…

0
118
GOP 2016 Trump

Балтық елдері мен Америка Құрама Штаттары НАТО-ның біртұтастығын одан әрі нығайтуға ниетті. Бұл туралы Дональд Трамп Вашингтонда Литва, Латвия және Эстония басшыларымен кездесуде мәлімдеді. 

Кездесу барысында Дональд Трамп АҚШ пен Ресей арасындағы келеңсіздікті жойғысы келетінін тілге тиек етті. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Кездесу барысында АҚШ президенті: «Ең дұрысы Ресеймен қарым-қатынасты қалпына келтірген жөн. Ресеймен ынтымақтастық орнатқан жаман емес, керісінше жақсы. Дегенмен, бұл жоспар іске асуы да аспауы да мүмкін. Бәлкім Ресейге Дональд Трамптан артық қатал қараған адам жоқ шығар. АҚШ әскерінің нығая түскеніне көз салыңыз – елге өзге президент келгенде әскердің жағдайы мұндай болмас еді. НАТО Дональд Трамптың арқасында қаржыға кенеліп отыр, және ол осы уақыт арасында күшейе түсті», – деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, АҚШ Балтық елдеріне «ірі калиберлі оқ-дәрілерді сатып алу үшін» шамамен 100 млн доллар (81,4 млн еуро) бөледі. Сонымен қоса әскери қызметкерлерді дайындауға және жабдықтарды сатып алуға арналған бағдарламаларға 70 млн доллар (57 млн еуро) бөлетінін мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз